Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. (А.Байтұрсынов)
Кіру
AA+
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ

Мектеп асханасында тамақтану сапасына мониторинг және жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы, тағам өнімдерінің сапасы мен жарамдылық мерзімі, ыстық тамақтың дайындалу технологиясы, қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және жеке гигиена талаптарының сақталуы қаралды.

Мониторинг нәтижесі бойынша асханада оқушыларды ыстық тамақпен қамту жүйелі түрде ұйымдастырылғаны анықталды. Тағам мәзірі бекітілген жоспарға сәйкес, жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Өнімдердің сақтау шарттары мен ас дайындау үдерісі санитарлық нормаларға сай жүргізіледі.
Сонымен қатар, асхана қызметкерлеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау, тағам дайындау кезінде қауіпсіздік ережелерін толық орындау және асхана тазалығын тұрақты бақылауда ұстау бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, алдағы уақытта да тамақтану сапасына тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады.